Текст песни
Ақ бесікте тербеп едің.
Ақ батаңды берген едің .
Айналайын ата мекен,
Бар бақытым сенде менің.
Ғұмыр бердің жанатұғын.
Тұғыр бердің қонатұғын.
Жүрек бердің ата мекен,
Сен деп қана соғатұғын.
Көк аспаның шуақ төгер.
Топырағың қуат берер.
Жылап кеткен жыл құстары,
Саған қайта жылап келер.