Текст песни
Кенеттен лаулап жанды жүрегім,
Аяулым сені ойлай жүремін.
Өзіңмен сөйлескенде күнбе-күн,
Сезімдер қосылса деп тіледім.
Ажарың аппақ қардай,
Дауысың мақпал қандай?!!
Нұр тұнған қара көзің,
Бір сезім ақтарғандай.
Қиылған қасың қандай,
Бұрымың шашың қандай?!!
Жайнаған гүлім өзің,
Мәңгілік солмайтын-ай.
Ойымды торлап алдың сен,
Мен сені сүйіп қалдым беу!
Өмірдің мәні айым сен-сен өзің ғана,
Дариға арман болған беу!!!
Бағым боп келші маған егізім,
Көрсетем махаббаттың теңізін.
Көресің әлі талай күндерде,
Менімен бақытты боп жүресің.