Текст песни
Нуркеш Жалгасбай - Жаралы самолёт
Нұркеш Жалғасбай - Жаралы самолёт
Бір сәтте күз болған жайдары көктемдер.
Ақырғы сапарға ұшақпен кеткендер.
Жандарың жәннатың төрінде шалқысын,
Қиялмай көк пен жер, өмірден өткендер...
Қарашы даланы.
Көк аспан қаралы.
Қанаты жаралы,
Үмітпен шамалы.
Тиелген сан арман
Самалёт құлдилап барады.
Жаралы ай-ай-ай
Атты ма саған оқ.
Құладың жанады от.
Ең соңғы сәттер-ай,
Тағдырға шара жоқ.
Анаға баласын,
Жеткізе алмаған самалёёт...
Күрескер қос бірдей батыр қыз, мықты ерлер.
Қорқыныш үмітпен дәм-тұзы біткендер.
Қайғылы оқиға, сабырлы болыңдар,
Ұшақпен келер деп, құшақпен күткендер.