Текст песни
Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктетер аласаны.
Болмаса сұлу қыз ару әйел,
Табынып ер кімдермен,тал асады.
Өрімтал,көркем сұлу мүсін,
Көргенде қайран қап,күйуің шын.
Мың ақын жырласа,тіл жетпейтін,
Бұл қыздар жаралған тек,сүйу үшін.
Бұл қыздар жаралған тек,сүйу үшін.
Қана алмас құмарың, қарасаң да,
Сұлуға ынтық сұңғақ, аласаң да.
Жердегі аруға жетер емес,
Аспанның мың жұлдызын,баласаң да.
Жүздірер жүректі нұрлы үмітте,
Басыңа қоятын мұңды үйіп те.
Қиял мен жұмбақтан жаратылған.
Қыз ару қалар мәңгі,сол биікте.