Текст песни
Ей, сұлу қыз қарындасым қалайсыз?
Қылдыңыз ғой мені ғашық абайсыз…
Аға-аға, деп сызылып жүріп ап,
Ала көзбен енді неге қарайсыз?
Мына жастық жалындаған шағымда,
Ағасың ғой енді маған расында.
Қырындауға ұялсайшы ағам-ау!
Қартайдың ғой қарасайшы жасыңа.
Кездер-ай! Кездер-ай!
Бақытты біздің күндер-ай!
Күндер-ай! Күндер-ай!
Сырласқан сол бір түндер-ай!
Қараттың ғой өзіңе сен ақыры,
Болсадағы арамыз көп шақырым.
Алматыдан Оралға сен әкеттің,
Енді отырмын баламен таң атырып…