Текст песни
Бетке алып мақсаттың заңғарын,
Қарлығаш көңілмен самғадым.
Сол жолда қашан да тілекші,
Жан әкем – асқар тау, қорғаным.
Әкелер – шабыттың қайнары,
Әкелер – намыстың қайрағы.
Кең жүрек нұр төксін,
Желбіреп шаттықтың барағы.
Әкеде – даланың кеңдігі,
Әкеде – бабаның ерлігі.
Домбыра кеудесі күй төксе,
Тарқаған адамның шер-мұңы.
Жолдаған сағыныш сәлемі,
Әдемі ән сынды жан емі.
Әкенің жүрегі – мейірім,
Ізгілік, парасат әлемі.