Текст песни
Сағынамын, жаным, көрмесем,
Сүйеді екем сені мың есе.
Алыстамын, жарқыным менің,
Гүл алып, барайын десем.
Келер көктем, өтер күз,
Жолығармыз екеуміз.
Бірін-бірі іздеген,
Шын ғашықтар екенбіз.
Мен оралып келгенше,
Сағына тұр ендеше.
Қосыламыз екеуміз,
Екеуміз…
Күнде, түнде маған арнап
Хат жазуды ұмытпа!
Баяғыдай мөлдір сезімің
Әлі тұнық па?
Тыңда сөзімді,
Көру үшін көзіңді
Жұлдызға қараймын,
Сен де ұмытпа!
Өтсе уақыт қаншама, мейлі,
Күтер бақыт бар деп сенейін.
Сағынамын қайтейін, жаным,
Жүрекке әмір жүрмейді.