Текст песни
Тұрмыс құрдың
Мен тойыңда болғанмын
Ай жүзіңе тұр ғой бәрі таласып
Сен бір жан ең мейірімді жаны ашық
Мен сыртыңнан тоймай қарап көп тұрдым
Той көйлегің тұр өзіңе жарасып
Әсем жүзің әп-әдемі нұрланып
Мені көрдің сосын кеттің мұңданып
Ең соңғы рет сыйлайын деп алып бардым
Өзің жақсы көретұғын гүлді алып
Махаббатқа керектігі ең сенім
Махаббаттың табам десең бөлшегін
Арамызда сезім өшпей тұрғанда
Анаңызға келін болам деуші едің
Арамызда сезім өшпей тұрғанда
Анаңызға келін болам деуші едің