Текст песни
Жастарының жалыны бар,
Қарттарының қадірі бар.
Жақсылыққа жаны құмар,
Жаса, Қазағым!
Тарихының тамыры бар,
Дәстүрінің тәлімі бар.
Сақ пен ғұнның сарыны бар,
Жаса, Қазағым!
Жаса, жаса, қазақ тілім,
Жаса, жаса, ғажап тілім.
Баянды бол азат күнім,
Бағын таймасын.
Көсемдері кесім берген,
Керуен тартып, көшін керген,
Төрт түлігі төсінде өрген,
Жаса, Қазағым!