Текст песни
Адай деген бір Ел бар Маңғыстауда,
Ұстатпаған жағасын жау дұшпанға,
Ең бірінші Адайлар Қан жұтады,
Жер бетінде бір Қазақ қан құсқанда.
Адайларда намыс бар өрге біткен,
Шаруасы жоқ дүнияуй пенделік пен,
Көзінде от ойнаған қазақ көрсем,
Адай ма деп қаламын мен неліктен.