Текст песни
Пәк сезімнен жаралғандай мөп-мөлдір,
Төгілгендей ай жүзіңе көктен нұр.
Бал махаббат бастауындай баяғы,
Екеумізді ғашық еткен көктем бұл.
Жайма шуақ көктемде,сезім нұрын сепкенде.
Арман қиял жетелеп, ақ жүзіңді өбкенде.
Жаз бен күзім жеткенбе, сол баяғы көктемге.
Тек махаббат арманым, қалып кеткен көк белде.
Елес қалды балалық сол шақтардан,
Жетелейтін сан қиялға тәтті арман.
Өткен күннің бәрі бүгін сағыныш,
Сырлы сезім жүрегімде сақталған.